«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНЕ МҰҚИЯТ БОЛАЙЫҚ

Облыстық кәсіпкерлер палатасында төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет полковнигі Нұрлан Атығаевтың төрағалығымен азаматтық қорғаныс саласындағы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған “дөңгелек үстел” өтті. Оған кәсіпкерлер, ірі мұнай сақтау нысандарының өкілдері қатысты.

Аталмыш шара кезінде Нұрлан Бауыржанұлы біздің елімізде мұнай және мұнай-химия салаларының даму қарқыны өсіп жатқанын және оларға тиесілі нысандардың қоймаларында өрт қаупі жоғары екендігін тілге тиек етті.  

Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Жазира Қожахметова қатысушыларға бақыланатын нысандардың ағымдағы өрт жағдайы туралы ақпаратты ұсынды. Бас маманның айтуынша, облыста барлығы 5298 шағын және орта кәсіпкерлік нысан тіркелген, олардың 174-і – жоғары, 724-і – орташа, 4400-і орташадан төмен тәуекелге жатады. Алдыңғы жылы жүргізілген тексерулер бойынша мұнай өнімдерін сақтау нысандарында автоматты өрт сөндіру жүйелерінің болмауы, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде жабдықтардың жеткіліксіздігі немесе жарамсыздығы, сонымен қатар жеке құрамдағы қызметкерлердің, өрт сөндіру және өрт-техникалық құралдардың жеткіліксіздігі, өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жарамсыздығы байқалған. Үстіміздегі жылдың өткен кезеңінде өрт қауіпсіздігі саласында жүргізілген алдын алу шараларына қарамастан, бақыланатын нысандарда 55 өрт тіркелді. Ол жалпы өрт санының 15 пайызын құрап, 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25 пайызға ұлғайды.

Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі, өртке қарсы қызмет подполковнигі Болат Жұмажанов мұнай базалары резервуарларындағы өртті жою операциялары туралы әңгімелеп, өрт болған жағдайда кызметкерлердің әрекеттері мен тәртібіне ерекше тоқталды.

Іс-шара барысында ТЖД мамандары кәсіпкерлердің қойған сауалдарына жауап беріп, мұнай өнімдерін сақтау нысандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде тиісті ұсыныстар берді.

 Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp