Облыс орталығындағы “ЕС-164/1” түзеу мекемесінде дәстүрлі жазғы спартакиада мәре алды. Іс-шараның мақсаты – жазаға кесілгендер арасында саламатты өмір салтын насихаттау.
Жазасын өтеушілерден жасақталған үш құрама команда екі ай бойы жеке және командалық сындарда волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, дойбы және эстафета бойынша бақ таластыратын болады.
Спартакиаданың ашылу салтанатында қыз-келіншектер арнайы бағдарлама дайындап, ән мен биден шашу шашты.
Жеңіл және қатайтылмаған режімде жаза өтеп жүрген сотталғандар арасындағы бұл жарыс өте қызықты әрі тартысты өтеді деп үміттенеміз.
Вера НИКИТЕНКО,
“ЕС-164/1” түзеу мекемесінің режім бөлімінің
жедел уәкілі, әділет капитаны.