«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҒЫНДЫРҒАН “САБАНТОЙ”

Бүгінгі таңда елімізде өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдері өздерінің төл мерекелерін дүбірлетіп тойлауды дәстүрге айналдырған. Сенбі күні облыс орталығында татар этносының өкілдері “Сабантой” мейрамын атап өтті.

– Тарихқа қарасақ, аталмыш мейрам осыдан 1000 жыл бұрын тойлана бастаған көрінеді. Бұл мейрам “сабан” – өсімдік, яғни егіс, “туй” – той деп аударылып, “көктемгі жұмыс бітті, демалыс басталды” деген мағынаны білдіреді. Бұрын қарапайым халық ауыл болып тойласа, бүгінгі таңда біз орталық алаңда атап өтудеміз. Жыл сайын жаздың басында тойлаушы едік, бұл жолы ауа райының қолайсыздығынан шілде айының ортасында атап өтуді ұйғардық, – дейді “Дуслык” татар-башқұрт этнобірлестігінің төрағасы Амир Баязитов.

Жыл сайын қызылжарлықтарға көтеріңкі көңілкүй сыйлайтын мерекеге Татарстан Республикасынан “Булгар кызлары” триосы келіп, өнер көрсетті. Қонақтардың орындауындағы татар және орыс тілдеріндегі көңілді әндер жиналған қауымның көңілін көтерді. Жасы да, жасамысы да ортаға шығып билеп жатқанда балалар түрлі ұлттық ойындарға қатысып, өзара мәз-мейрам болды.

Ақбөпе ТӘҢІРБЕРГЕН,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp