«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ДОСТЫҚТЫҢ” ДЕМАЛУШЫЛАРЫМЕН ДИДАРЛАСТЫ

“Достық” сауықтыру лагерінде кезекті ауысымда демалушы балалар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және Петропавл қаласындағы төтенше жағдайлар басқармасының шұғыл-құтқару отрядының қызметкерлерімен кездесті.

Қызметкерлер кездесу барысында аяқастынан орын алатын төтенше жағдайлар кезінде қандай іс-әрекеттер жасау керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, судағы қауіпсіздік шаралары туралы да дәріс оқып, құтқарушылардың жұмысын тәжірибе жүзінде көрсетті.  

Шұғыл-құтқару отрядының қызметкері Сергей Черкасов балаларға сүңгуірдің арнайы құралының қалай пайдаланылатынына, оның адам өмірін сақтаудағы рөлі мен ерекшелігіне тоқталса, №4 өрт сөндіру бөлімінің тілсіз жауды ауыздықтаушысы Юрий Бакукин автоцистернадан судың қалай берілетінін көрсетті.

Мамандар балалардың қойған сұрақтарына жауап беріп, құтқарушының қызметінде кездесетін әртүрлі жағдайлардан хабардар етті. Танымдық шараға сауықтыру лагеріндегі 10 мен 14 жас аралығындағы балалар қатысты.

Майра КӘРІМОВА,

Петропавл қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі

басқарманың инженері,

өртке қарсы қызмет майоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp