Шашыратқы еліміздің басым аумағында өседі. Ол маусым-қыркүйек айларында гүлдейді. Жолдардың жиегінде, шалғынды беткейлерде, егістік жерлерде, ауыл арасында өсе береді.
Шашыратқының тамырынан жасалған дәрілердің микробтарды жоятын, тамаққа тәбетті арттыратын, өт айдайтын, ауруды басатын қасиеттері бар. Мұны ас қорыту бездерінің жұмысын реттеу үшін де пайдаланады. Сонымен қатар, жүйке жүйесі қажығанда, тіс ауырғанда және бүйрек ауруларын емдеу үшін қолданылады. Өт қалтасы қабынғанда және тас пайда болғанда да шашыратқының шипалық қасиеті мол.
Ұнтақталған өсімдік тамырының 20 грамын қайнап тұрған 1 стақан суға салып, 30 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 5-6 рет ішеді. Оған қоса, бұл өсімдіктен кофе және салаттар дайындайды.