«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢ ҚАУІПТІ ҚАТЕР

Жолдағы оқиғалар бүкіл әлемдегі адамдардың өміріне ең қауіпті қатер болып табылады. Жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) залалы барлық басқа көлік оқиғаларын (ұшақ, кеме, пойыз және т.б.) басып озады, адамдардың денсаулығы мен өміріне ең маңызды әлемдік қауіп болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылдың 6 айында 114 ЖКО тіркелді, 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16,8 пайызға кем. Онда 19 адам қаза тауып, 142 адам жарақаттанды.

Автомобиль апаттары көпшілік жағдайда қарапайым қауіпсіздік шараларын және жол-көлік ережелерін сақтамаудан, сонымен бірге жол қозғалысының қауіпсіздік ережелерін бұзушылықтың салдары жайлы жеткілікті ақпараттандырылмауынан туындайды. Автомобиль көлігіндегі барлық апаттардың 75 пайызы жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуынан болады. Бұзушылықтың ең қауіптілері бұрынғысынша: жылдамдықты асыру, жол белгілерін елемеу, қарсы қозғалыс жолағына шығып кету, автомобиль көлігін мас күйде жүргізу және басқалар болып қала бермек.

ЖКО-дан сақтану тек жүргізушілер үшін ғана емес, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер үшін де маңызды. Олар жол қозғалысының ең белсенді және қорғансыз мүшелері болып табылады. Жаяу жүргіншілермен болған ЖКО-ның көпшілігі жабдықталмаған көлік жолдарының қиылысында орын алады. Қайғылы жағдайларды дүниежүзілік талдау қаза тапқан адамдардың әрбір үшіншісі жаяу жүргінші екенін көрсетеді.

ЖКО туындау себептерінің бірі жаяу жүргіншілердің жолдың жүру бөлігінде теріс мінез-құлық көрсетуіне және оны жүргізушілердің дұрыс болжамауына қатысты. Сол сияқты кенеттен автокөлік алдынан жаяу жүргіншінің шыға келу себебінің бірі жүріп келе жатқан көлік құралының жылдамдығын бағалай алмауынан болады.

Жол-көлік оқиғасынан сақтану – жолдағы оқиғаның алдын алудың ең қарапайым тәсілі. Осыны есімізден шығармайық!

Ләззат ӘМІРЖАНОВА,

 төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp