«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТРАТЕГИЯНЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ СЕМИНАР

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті облыстық денсаулық сақтау және мәдениет, мұрағаттар мен құжаттамалар басқармаларының қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Онда 2015-2025 жылдарды қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысы талқыланды.

Семинар барысында “Мемлекеттік қызмет туралы” жаңа заң жобасы сөз болды. Бірінші институттық реформаны іске асыру аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар жайы да айтылды.  

Мемлекеттік қызмет аса жауапты жұмыстардың бірі екендігі белгілі. Оған асқан жауапкершілік қажет. Сол себепті де жиында мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі, тәлімгерлік институты, ауыс-түйіс жүргізудің ережелері, қызметті факторлық-балдық бағалау және мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлемінің жаңа жүйесі талқыланды.

2016 жылы өтетін аттестаттау жайы да баяндалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратын бейнероликтер көрсетілді. “Бизнесті қорғау” және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум алаңы” сайттары таныстырылды.

Серік АЙДАРБЕКОВ,

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің

 бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp