2015 жылғы І жартыжылдықта ауылдық елді мекендердегі жүзеге асырылған инвестицияның үлес салмағы облыс бойынша жалпы инвестиция көлемінің 60%-ын құрады.
2015 жылғы қаңтар-маусымда ауылдық елді мекендердегі негізгі құралдарға салынған инвестиция көлемі 32405,7 млн. теңге немесе 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 133,3% болды. Ауылдық елді мекендердегі инвестицияның ең көп көлемін жекеменшік кәсіпорындар жүзеге асырады, олар облыс бойынша жалпы көлемнің 88%-ын иеленеді, мемлекеттік кәсіпорындарға – 8,4%, басқа мемлекеттік кәсіпорындарға, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарына 3,6% тиесілі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің және жұртшылықтың өзіндік қаражаты ауылдық елді мекендерде, сондай-ақ, тұтастай алғанда облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияны қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, олардың үлесі – 79%, бюджеттікі – 10,4%, қарыздық қаражат – 7,4%, банкілер қарызы – 3,2%.
Инвестициялық салымдардың маңызды көлемі, яғни 50,3%-ы машиналар мен жабдықтар сатып алуға, 43,8%-ы ғимараттар мен құрылғылар салуға және күрделі жөндеуге жұмсалды.
Ауылдық елді мекендердегі негізгі капиталға инвестиция салудың басым саласына ауыл, орман және балық шаруашылығы жатады (жалпы көлемнің 47,4%-ы).
Облыстық статистика департаменті.