«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ЖАЙЫНДА

Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асыруға арналған “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында заңның үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция құру қарастырылған.

Осыған орай Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі аталмыш министрлік құрамындағы алты бөлімше жергілікті полиция қызметінің құрамына берілетіндігін хабарлады.

Атап айтқанда, олар – полицияның учаскелік инспекторлары мен олардың көмекшілері, кәмелетке толмағандар істері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі, жол-патруль полициясы, табиғат қорғау полициясы, қабылдау-тарату және арнаулы қабылдағыштар бөлімшелері. Жергілікті полиция өз қызметінде жергілікті атқарушы органдар мен мәслихаттар депутаттары болып табылатын қоғамдастыққа, сондай-ақ, учаскелік инспекторлар тұрғындарға есеп беретін болады. Бұған дейін жергілікті полиция бөлімшелері 2017 жылдан ерте құрылмайды деген ақпарат таратылған болатын.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp