Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш ведомствоның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті үстіміздегі жылғы 28 шілдеде Петропавл қаласындағы “Севказэнергосбыт” ЖШС-іне қатысты арнайы нұсқама шығарды.
Осы нұсқамаға сәйкес 2015 жылғы 25 тамызға дейінгі мерзімде “Севказэнергосбыт” ЖШС “Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 26-тармақшасын (сыртқы ауа температурасының өзгеруіне байланысты жылуға қайта есептеу жүргізу туралы) бұзушылықты жоюы қажет.
(Өз тілшіміз).