«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВИРУСТЫ ГЕПАТИТПЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, үстіміздегі жылғы 28 шілде мен 28 тамыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде Дүниежүзілік вирусты гепатитпен күрес күніне арналған айлық өткізіледі.

Оның мақсаты тұрғындардың вирусты гепатит туралы, ауруды жұқтыру мен тарату жолдары жайында ақпараттандырылуын және өздері мен балаларының денсаулығын сақтаудағы жауапкершілігін арттыру болып табылады. Айлықтың аясында профилактикалық шараларға, скринингтік зерттеулерге, балаларды гепатитке қарсы екпемен қамтуға баса назар аударылады.

Акция барысында “А” гепатиті бізге қауіп төндірмейді!” атты флешмобтар, “Вирусты гепатиттің алдын алу” тақырыбында баспасөз конференциялары мен “дөңгелек үстелдер”, “Гепатиттің түрлері және оның алдын алу шаралары” атты ақпараттық сағаттар өткізіледі.

Осы орайда мына дерек ойландырмай қоймайды: жыл сайын дүниежүзінде 1 миллионға жуық адам вирусты гепатит, оның ішінде цирроз бен бауыр обырынан қайтыс болады екен.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp