“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының филиалы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикада бірінші орын алды.
Институт басшылығы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының сапалы өтуіне айрықша маңыз береді. Осы мақсатпен әкімшілік өкілдері мен тыңдаушылардан тұратын жедел әрекет ету тобы құрылды. Бұл білім беру сапасы туралы ақпарат алуға, оқытушылар құрамының қызметін түзетуге, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырудың нәтижелерін белгілеуге, олардың шығармашылық бастамасы мен кәсібилігін дамытуға тиімді. Облыстық деңгейде алдыңғы қатарлы үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау мен тарату үшін тәжірибелік көшпелі сабақтар ұйымдастыру қолға алынды. Ол үшін филиал, білім басқармасы және облыс бойынша білім беру саласын бақылау департаменті арасында үшжақты келісім жасалды. Сондай-ақ, Петропавл қаласындағы Әскери институтпен, облыстық дін істері басқармасымен келісімге қол қойылды.
Филиалда жобаларды көпшілік алдында қорғау тәжірибесі қолданылуда. Ол тыңдаушылардың инновациялық-зерттеушілік жетістіктерін қорытындылауға, бөлімдер қызметкерлерінің әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануға жол ашты. Сол сияқты, ғылыми-зерттеушілікті ұйымдастыру үшін үш шығармашылық топ құрылды. Оның құрамында бөлімдердің тәжірибелі қызметкерлері, облыстың және жақын шет елдердің ғылыми зерттеушілері бар. Бірінші жартыжылдықта біздің филиал Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім беру академиясымен, Мәскеу ашық білім беру институтымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл қызметкерлер мен оқытушылардың біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, филиалдың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысын жақсартты. Педагогтердің біліктілігін арттырудың қосымша үлгісін пайдалану бойынша жұмыс жүйесі жандандырылды. Кафедралар мен филиал бөлімдерінде 2015 жылдың І жартыжылдығында 157 (өткен жылғы сәйкес мерзімде – 40) адам тағылымдамадан өтті.
Қазақ хандығының – 550, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Конституциясының – 20, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кешенді іс-шаралардың танымдық және мазмұндық сипаты жоғары болды. Қызметкерлер мен оқытушылардың, облыс педагогтерінің қатысуымен “Денсаулық – біздің мақсатымыз”, ел Тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған “24 игі іс”, “Қазақстан Республикасы” жобаларын жүзеге асыру аясында қайырымдылық акциялары, концерттер, көрмелер, таныстырылымдар әлі де жалғасын табатын болады.
Светлана ШӘУКЕРОВА,
филология ғылымдарының магистрі, инновациялық дамуды әдістемелікқамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы.