«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАП ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

2015 жылғы сәуір айында “Қамқор-Аққайың” және “Булаево қалалық су шаруашылығы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары атына Қазақстан Республикасының “Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы” Заңын бұзушылықты жою туралы, нақтырақ айтқанда, техникалық шарт жасап бергені үшін ақы өндіріп алуды тоқтату туралы ұйғарым жасалды. Ал мамыр айында “Ақжар” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 2014 жылға тарату желілері бойынша су беруге арналған тарифтік сметаның орындалуы жайында департаментке есеп беру туралы өкім шығарды. Осы айда “Еңбек” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына кірістерге, шығындар мен іске қосылған активтерге жеке есеп жүргізу, басқа қызметті іске асыру үшін қажетті жағдайларды орындау туралы департаментке мәлімет, ал “SK-Alma” ЖШС-іне тоқсан сайын қаржылық есеп беру өкім бойынша талап етілді.

Департамент шығарған ұйғарымдар мен өкімдердің барлығы орындалды.

Бұдан басқа, облыстық прокуратурамен бірге үстіміздегі жылғы ақпан айында бизнес нысандарын табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосу, сонымен бірге 2013-2014 жылдары электр, газ, жылу, сумен жабдықтау жүйелеріне қосуға техникалық шарт жасап беру кезінде заңдылықтың сақталуына тексеріс жүргізілді. Соның нәтижесі бойынша “Петропавл жылу желілері” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне заңда қарастырылған мерзімді бұзып, техникалық шарт бергені, ал “Қамқор-Аққайың” мен “Булаево қалалық су шаруашылығы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына техникалық шарт берген кезде тұтынушылардан төлемақы өндіргені үшін 3 қаулы шығарылып, заңның 7-бабының 3-тармақшасында қарастырылған міндеттерді орындамауына байланысты 4 281 120 теңге айыппұл салынып, оның 3 171 200 теңгесі өндіріліп алынды. Айыппұлдың қалған сомасын өз еріктерімен төлеу мерзімі әлі аяқтала қойған жоқ.

Гүлмира КУШЕГАЛДИНА,

табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаменттің бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp