«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕҢ ТҮСТІ, ӘЙТЕУІР…

“Қызыл-Жар СК” құрама командасы бірінші лигадағы кезекті кездесуінде алматылық “ЦСКА” құрама командасымен тең ойнады. “Қарасай” стадионында өткен ойынның қорытындысы – 1:1.

Өкінішке қарай, бұл жолғы кездесу солтүстікқазақстандық жанкүйерлердің көңілінен шықты деп айту қиын. Себебі, ойынның бірінші бөлігінде қос құрама ойыншылары да белсенділік танытпай, қырық бес минут бойы бірде-бір есте қаларлық шабуыл ұйымдастыра алмады.  

Тек кездесудің екінші таймында ғана футболшылар жасыл алаңға жеңіс үшін шыққандары естеріне түскендей белсенділік танытып, шабуылға көшті. Атап айтқанда, 61 минутта қарсылас команданың ойыншысы Аслан Оразаев есеп ашты. Сөйтіп, екінші тайм қонақтар басымдылығымен басталды. Намысты қолдан бермеуге тырысқан жерлестеріміз болса қарымта шабуылға көшіп, нәтижесінде он бір минуттан соң есепті теңестірді. Голдың авторы – команданың жаңа легионері Мусса Лимане.

Ал ойынның негізгі уақытына қосылған қосымша минуттарында жерлес футболшы Вадим Боровский әріптестері тудырған оңтайлы сәтті толық жүзеге асыра алмады. Осы есеп кездесу соңына дейін өзгерген жоқ. Есеп – 1:1.

Жергілікті “Қызыл-Жар СК” футболшыларының келесі кездесуі тамыздың 15-і күні өтеді. Онда жергілікті команда Қызылорданың “Байқоңыр” құрамасымен ойнайды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp