«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ҚЫСТА ҚЫСЫЛМАЙДЫ

“Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің энергия және ресурс үнемдегіш технологияларды өндіріске енгізуді қолға алғанына бірнеше жыл болды. Мемлекеттің энергия үнемдеу бағдарламасы серіктестік үшін маңызды мәселе, өйткені кәсіпорынның мақсаты энергия жылуының шығынын азайтып, тозығы жеткен құрал-жабдықтарды жаңарту болып табылады.

Энергия үнемдеу бағдарламасын жүзеге асырудың басты жолы – Петропавл қаласын жылумен жабдықтау жүйесіндегі құрал-жабдықтарды заманауи үлгілеріне ауыстыру. Бүгінгі таңда “Петропавл жылу желілері” ЖШС өз саласының көптеген жаңа технологияларын игеруде. Мәселен, металл құбырларды көбікполиуретанмен қаптау тәсілі. Мұндай құбырлар 25 жыл сыр бермейтіндей берік. Көбікполиуретан жүйедегі тозығы жеткен жылу оқшаулағыштарды қалпына келтіру кезінде бұрынғы минерал мақтаның орнына да қолданылады.  

Кәсіпорын 2014 жылы Петропавл қаласын жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту шараларына 196 миллион теңгені инвестициялық бағдарламасы бойынша және 470 миллион теңгені қаржы институттары арқылы, дәлірек айтсақ, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Таза технология қорынан (CTF) несие алу арқылы шешкен.

Инвестиция қаржысына 514 метр жылу трассасы қайта жаңартылса, 0,9 километр құбыр жаңғыртылып, 0,75 километр құбыр көбікполиуретан материалымен қалпына келтірілді. Сондай-ақ, өткен жылы №2 жылу торабында жұмыс аяқталды. Кәсіпорын №1 жылу торабын жаңғырту жұмыстарын да бастады.

Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасымен қатар жылу жүйесін жөндеуге арналған қоры бар. Сол қордан өткен жылы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 419,67 миллион теңге жұмсалып, осы қаржы есебінен 14,429 километр құбырлар жаңартылып, 8 километр құбырлардың зақымдалған бөліктері қалпына келтірілді, төрт жылыту нысаны мен он екі жылу камерасы жөнделді.

Ал кәсіпорынның 2015-2016 жылдарға арналған жаңғырту жоспарында 273 946 миллион теңге – күрделі қаржының жоспары, 360 480 миллион теңге – жөндеу қоры есебінен, 213 758 миллион теңге банктен алған несие қаражаты бойынша жүзеге асырылады. Петропавл қаласының бюджеті есебінен бөлінген 3,8 миллиард теңгеге жаңадан 6,3 километр құбырлар тарту көзделген. Биыл оның 2,75 километрі салынды.

Серіктестіктің құрал-жабдықтары 72,86 пайызға тозған, яғни 233,347 километр желіні жөндеу қажет. Бұған мемлекеттің қаржысы септігін тигізуде. “Еуропалық қайта құру және даму банкі” қаржы институтынан алған несиеге 9 жоба жасалып, 7,252 километр жылыту жүйесін жөндеу жоспарланып отыр. Ал “Нұрлы Жол” бағдарламасы бойынша үш жылдың ішінде 11,01 километр жылыту құбырын тартып, 17,8 километр жердің құбырын оқшаулағышпен орау қажет. Аталмыш бағдарлама шеңберінде №1 жылу торабының 1,025 километрін салуға 732 миллион теңге жұмсалмақ.

Биыл “Береке” шағынауданын жылумен қамтамасыз ету үшін жаңадан 1,022 километр құбыр тартылуда. “Жас өркен” шағынауданын жылумен қамтамасыз ету үшін де жоба жасалып, оған 3,024 миллион теңге жұмсалмақ.

Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде биыл 3,660 километр тораптық және 7096 километр тарату құбырлары жаңартылуы керек. Бүгінгі таңда оның 37,9 пайызы орындалды. Сондай-ақ, үш жылыту нысаны ағымдағы жөндеу жоспарына ілікті.

Кәсіпорын Петропавл қаласының тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуде сенімділік пен тұрақтылықты жылдан-жылға арттырып келеді.

Игорь РЫБАС,

“Петропавл жылу желілері”

 ЖШС-нің бас директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp