«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылында сыр, брынза және йогурт өнімдерінің түрлерін өндірумен айналысатын шағын зауыт салынуда. Астаналық кәсіпкер Ырысқали Ыдырысов бұрынғы екіқабатты сауда үйін жөндеп, ғимаратты сүт өнімдерін шығаратын шағын зауытқа айналдырмақ. Маусымда басталған күрделі жөндеу жұмыстары күздің бірінші айында аяқталса, өндіріс іске қосылып, 50 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда. Қазірдің өзінде зауыттың құрылыс жұмыстарына ауылдың 30 тұрғыны тартылған. Жұмыссыз ретінде ауыл әкімдігінің есебінде тұрған 7 адам осында тұрақты жұмыс орнын тапты.

Меншік иесі “Арба тас” серіктестігін ашып, оның басшылығына жергілікті тұрғын Зәмзәгүл Ғаббасованы тағайындады. Мамандығы заңгер болса да, кәсіпкерлік пен құрылыс жұмыстарының қыр-сырын жақсы меңгерген Зәмзәгүл Сапарбекқызы жаңа өндіріс орнының дер кезінде іске қосылуына күш салуда.

“Арба тас” серіктестігі “Ауыл шаруашылығын қолдау қоры” арқылы екі кезеңде 30 миллион теңге несие алып, нысанның күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ғимараттың бірінші қабатына өндіріс алаңы орналастырылса, екінші қабатта кәсіпорын офисі мен қойма болады.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суреттерді түсірген

 Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp