«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК СҮҢГУІР АНЫҚТАЛДЫ

Жақында “Жедел-құтқару жасағы” мемлекеттік мекемесі құтқарушылар арасында “Үздік сүңгуір” сайысын өткізді. Оған жедел-құтқару жасағының 7 құтқарушысы қатысты. Жарыс барысында қатысушылар түрлі сынға түсті. Сайыстың қорытындысы бойынша ең “Үздік сүңгуір” атағын құтқарушы Павел Корнев жеңіп алды.

Аталмыш сайыс департаменттің жоспарлы бағдарламасындағы дәстүрлі шара. Сондықтан бұл доданы құтқарушылар жылда тағатсыздана күтеді, өйткені, онда олар өз шеберліктерін көрсетеді әрі көп нәрсеге үйренеді.

Гүлмира САЛЫҚОВА,

 облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp