2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 34 мыңнан астам. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санының ішінде жеке кәсіпкерлер үлесі – 80,7%-ды, шаруа қожалықтары немесе фермерлік шаруашылықтар – 8,4%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 10,5%-ды, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 0,4%-ды құрады.
2015 жылғы 1 сәуірге дейін шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 91 мыңнан артық адам болды, ол облыстағы экономикалық белсенді тұрғындардың 27,5%-ын құрайды. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, жұмыспен қамтылғандардың саны 0,7%-ға өсті.
2015 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 42 млрд. теңгеден артық сомаға өнім өндіріп, қызмет көрсетті.
Облыстық статистика департаменті.