Облыс орталығындағы №13 орта мектепте “Мектепке жол” акциясы өтті. Шара барысында облыс орталығының алақаны ашық азаматтары тұрмысы нашар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленетін оқушыларға жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарды үлестіріп, сыйлықтар тарту етті.
– “Мектепке жол” акциясында балаларға тегін боулинг, бильярд, караоке билеттерін тараттық. Осы қолдауымызды әлі де жалғастырамыз, – дейді балғындарға көмек қолын созғандардың бірі – “Боулинг центр №1” ойын-сауық кешені директорының орынбасары Ботагөз Жүнісова.
Үстіміздегі жылы №13 орта мектепте әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 22 бала білім алмақ. Айта кеткен жөн, олардың 17-сі қалалық білім бөлімінің жолдамаларына ие болып, бүгінде сауықтыру лагерьлерінде демалуда.
(Өз тілшіміз.)