Мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасы шегінен тыс мүліктерді заңдастыруды жүргізеді. Кірісті заңдастыруға байланысты 2017 жылдан бастап жалпы декларациялауды енгізу көзделіп отырылғанын еске саламыз.
Заңдастыру нысаны, мерзімі және тәртібі ҚР «Мүлікті заңдастыруға байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұру ыхтиярхаты бар тұлғаларына және оралмандарына кеңшілік таныту туралы» Заңымен анықталады.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап оффшорсыздандыру саясаты шеңберінде жаңа айыппұл түрін енгізу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Мүлікті заңдастыруға байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұру ыхтиярхаты бар тұлғаларына және оралмандарына кеңшілік таныту” мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. Құжатта ел шегінен тыс орналасқан мүлікті міндетті декларациялау бойынша міндеттеме енгізу ұсынылған. Сонымен қатар, активтерді жасырғаны үшін жауапкершілік шаралары анықталғаны көрсетілген.
Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген тәртіпте немесе олардың жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілмесе, жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсынбау арқылы жасалған осындай шоттардағы ақша туралы және Қазақстан Республикасынан тыс шетел банктеріндегі банк шоттары, сонымен қатар шетел мемлекетінің заңына сәйкес шетел мемлекетінің құзыретті органының мемлекеттік немесе басқа тіркеуіне жататын құқық бойынша мүлік, сондай-ақ, мемлекеттік есепке жататын Қазақстан Республикасы шегінен тыс жекеменшік мүлкінің болуы туралы ақпаратты жеке тұлғалардың жасыруы туралы сөз қозғалды.
Жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуі тиіс, бірақ декларацияда көрсетілмеген мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі банк шоттарында ақшасы және мүлік құны болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы шегінен тыс жатқан шетел банктеріндегі ақша сомасының немесе мүлік құнының елу пайызы көлеміндегі айыппұл сомасы көзделген.
Егер тұлға әкімшіліктік жазадан кейін бір жыл ішінде жоймаса, онда оны жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетуі тиіс, бірақ декларацияда көрсетілмеген екі мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі банк шоттарындағы ақша және мүлік құны болмаған жағдайда Қазақстан Республикасынан тыс жатқан шетел банктеріндегі ақша сомасының, мүлік құнының жүз пайызы көлемінде айыппұл төлеуі көзделуде.
Осылайша көлеңкелі капитал олардың иелеріне маңызды зардап тигізері сөзсіз.
Алдында хабарландырылғандай, «Заңдастыру – 2014» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталып, 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасуда.
Өз мүлкін заңдастыруға ниет білдірушілер Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жатқан мүлік бойынша тиісті құжаттарды беру үшін азаматтардың өздері тұрған орындары бойынша мемлекеттік кіріс органдарына баруы қажет. Құжаттар 2015 жылғы 30 қарашаға дейін қабылданады.
Жаңыл ҚАБДӨШЕВА,
облыстық мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы
басқармасының бас маманы.