«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Саумалкөлде облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен Айыртау ауданының жергілікті бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуына және мал шаруашылығының дамуына қатысты мәселелерді талқылауға арналған кеңес өтті.

Аудан әкімі Ағзам Тастеміров жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы және мал шаруашылығының дамуы мәселелері бойынша есеп берді. Жиын барысында белгілі болған өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Осы орайда Айдарбек Сапаров аудан әкіміне облыстық және аудандық бюджеттердің түсімдері бойынша жоспардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі жұмысты жандандыру, қолданыстағы өндірістерді кеңейту, бюджет қаржысын уақытында игеру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша жобалар санын арттыруға, агроқұрылым басшыларының жалақы қарыздарына жол бермеуіне жетісу қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ, орақ науқанын уақытында әрі сапалы өткізу, ауыл шаруашылығы саласында “Сыбаға” бағдарламасы бойынша жұмысты жандандыру, жайылымдар мен шабындық алқаптарын мақсатты пайдалану, малдәрігерлік шаралардың сапалы орындалуы және тағы басқа да мәселелер ұдайы назарда болуға тиіс.  

Бағлан ҚОЖАҚОВ,

журналист.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp