«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ, БҮЛДІРШІН?

Жастар бастамалары орталығы және Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мамандары бірлесіп, Петропавлдағы “Березка” балалар сауықтыру орталығында “Құқықтанушылар балаларда қонақта” атты шара ұйымдастырды. Жазғы демалысты жайдары көңілкүймен қарсы алуды көздеген жеткіншектерге шадыман шаттық, риясыз қуаныш сыйлауды көздеген шара Ата Заңның 20 жылдығына арналды.

Демалыс орнындағы елуге тарта жеткіншек төрт топқа бөлініп, оларға Ата Заңымыздың айбарын айғақтайтын, мемлекет өмірінде алатын орны турасында тапсырмалар ұсынылды, сұрақтар қойылды. Әрбір топтың жетекшілері балалардың құқықтары жөніндегі білімдерін ортаға салды. Ата Заңды құрметтеу әрбір адамның абыройлы міндеті екендігін, жеңіл әрі түсінікті жеткізе білген театрланған қойылым бүлдіршіндердің көңілінен шықты.

Шараны жастар бастамалары орталығының директоры Нұрсаят Сәркен қорытындылап, жеңіс тұғырына көтерілген топ басшыларына алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырды.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp