«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АБЫЛАЙДЫҢ АҚ ҮЙІ” АЖАРЛАНДЫ

2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған Петропавлдағы “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешені күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 15 миллион теңге қаражат жұмсалды. Елімізде әзірге баламасы жоқ мәдени орын Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында жаңа кейіпке еніп, төрт көрме залы және қонақтарды қарсы алуға арналған фойенің келбеті толықтай әрленді.

Аталмыш мұражайдың директоры Гүлнәр Сыздықованың айтуынша, ғимараттың ескілігінен кейбір жерлер дымқыл тартып, көгеріп кеткен еді. Сыртқы келбетінен басталған күрделі жөндеу бұл олқылықтардың орнын толтыруға септесті.  

Айта кетейік, мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасына енген мұражайда бүгінде он мыңнан астам құнды жәдігер бар.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp