«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ РЕТ МАС КҮЙДЕ ҰСТАЛДЫ

Жақында тәртіп сақшылары “ащы судан” ұрттап алып, машина руліне отырған Есіл ауданындағы Явленка ауылының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл азамат осымен екінші мәрте тәртіп бұзып отыр. Оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 5-тармағы бойынша материал жиналды. Ол соттың шешімімен 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы немесе көлік басқару құқығынан 10 жыл мерзімге айрылуы мүмкін.

Жыл басынан бері облыс жолдарында көлікті мас күйде басқарғаны үшін көлік басқару құқығынан айрылғаннан кейін қайта көлік тізгіндеген 80 жүргізуші ұсталды. Олардың бәріне де жаза тағайындалды. Мас күйде көлік жүргізгендерге еліміздің қолданыстағы заңнамасында бес жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе осы көлемде түзеу жұмыстары, не болмаса үш жүз сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қарастырылған. Биылғы ұсталған 80 жүргізушінің 36-сының көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы 3 жылға ұзартылды, ал 43 жүргізушіге 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Жеті жүргізуші үш жүз сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp