Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері облыс айдындарында суға түсу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының тілшілерімен бірге кезекті рейд өткізді. Рейд барысында 5 балықшы мен 15 суға түсуші көзге түсті.
Құтқарушыларды басты алаңдататын жағдай – көптеген азаматтардың белгіленбеген жерде суға шомылуы болып табылады. Бұған алдын алуға байланысты әңгімелесу де, «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер де, су айдындарында қаза болған адам өлімінің статистикасы да көмектеспейтіндігі алаңдатады.
2015 жылдың басынан бері – 28 адам, оның ішінде 12 бала су құрбаны болды. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері судан 65 адамды, олардың ішінде 5 баланы құтқарды. Балалармен болған судағы төтенше жағдайлар ұл-қыздарын қараусыз қалдырған ата-аналардың жауапкершілігінің жоқтығын көрсетеді.
Рейд барысында жедел құтқару жасағының қызметкерлері жағада демалушыларға тақырыптық жадынамалар мен нұсқаулар таратып, балықшыларға қауіп-қатер жайында ескертті.
Гүлмира САЛЫҚОВА,
төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің
«Жедел-құтқару жасағы» ММ-нің бас құтқарушысы.