Айырбас бағамы іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды есепке алумен нарықтық сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатын болады. Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Әлемдік экономикада болып жатқан іргелі жағымсыз өзгерістер жағдайларындағы жаңа экономикалық саясат экономикалық өсу мен бағалар тұрақтылығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін жаңа ақша-несиелік саясатты талап етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Үкіметі 2015 жылдың 20 тамызынан бастап инфляциялық таргеттеу режіміне негізделген жаңа ақша-несиелік саясатты іске асыруға көшу, валюта дәлізін жою және еркін айырбас бағамына көшу туралы шешімді қабылдады», – деп мәлімдеді ол.
Кәрім Мәсімов айырбас бағамы іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды есепке алумен нарықтық сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатынын ерекше атап өтті.
“Бұл айырбас бағамының өзгеруі әлсіреу жағына да, нығаю жағына қарай да болуы мүмкін екенін білдіреді, ал бұл әлемдік экономикадағы және ішкі валюта нарығындағы жағдаймен айқындалатын болады», – деп мәлімдеді Премьер-Министр.