Инфляциялық таргеттеуге көшу Қазақстанға мейлінше тұрақты болуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Республика Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді.
“Егер Үкімет пен Ұлттық банк ешбір әрекет жасамай, жағдайды енжар қалпында бақылап, болып жатқан процестерге араласпай, барлық қиындықтарды ұлттық сақтық қордан көмек алумен шешетін болса, ақыр-соңында Қазақстанды дефолт күтуші еді. Бірақ біздің қазір қабылдап жатқан шараларымыз, нақтырақ айтар болсақ, құрылымдық реформаларға көшу, инфляциялық таргеттеуге көшу, қорларды сақтап қалу, шығындарды қысқарту – олар біздің түпкі мақсатымызға – Қазақстанның анағұрлым тұрақты болуына әкелетін болады. Сондықтан менің ойымша, Қазақстанның осы қиындықтарды өткеріп, мейлінше нығайған, қуаттанған және жаңарған болып шығуына барлық мүмкіндіктер бар», – деді Министрлер кабинетінің басшысы.