«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

Петропавл қалалық “Нұр” мешіті қолы ашық азаматтардың қолдауымен 50 оқушыға мектепке қажет жабдықтар алуға қаржылай көмектесті.

Негізінен көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге, сондай-ақ, жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға 15 мың теңгеден жәрдем берілді. Ата-аналар мешіт атынан берілген көмекке дән риза екендерін жеткізді.

– Қамқор азаматтардың бірі балаларды мектепке даярлауға мешіт атынан көмек көрсету үшін 750 мың теңге аударды. Алла разылығы үшін істеліп жатқан іс болғандықтан, өзінің атын атамауды өтінді. Балаларына нақты не қажет екенін ата-аналардан артық ешкім білмейді. Біз алсақ, киімнің өлшемдері де келмеуі мүмкін. Сондықтан құрал-жабдықтар мен киім-кешекті өздері сатып алсын деп ақшалай көмек беруді ұйғардық. Әлеуметтік жағдайы төмен балалардың тізімін Петропавл қалалық білім бөлімінен алдық. Аудандардан да көмекке мұқтаж адамдар келуде, – деді “Нұр” мешітінің бас имамы Әбілхан қажы Балтаұлы.

Мешітте болған кездесу соңында бас имам балаларға сабақтарын жақсы оқып, ата-аналарының үміттерін ақтаулары қажеттігін айтып, батасын берді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp