«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАТРИОТТАР БАС ҚОСТЫ

Облыс орталығындағы Достық үйінде “Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ұлт” деген тақырыппен облыстық патриоттар форумы өтті. Форум бағдарламасы аясында “Ассамблея – бейбітшілік пен келісімнің бесігі. Шекарасыз ән” этно-мәдениет фестивалі де ұйымдастырылды.

Өңіріміздегі патриоттардың басын қосқан шараны ашқан облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова жастарға қарата ел болашағына қатысты атқарылатын жұмыс сөз жүзінде емес, іс арқылы жүзеге асырылуы керек, деді. Осы орайда өскелең ұрпақ отансүйгіштік сезімдерін адал қызметтерімен танытады деген сенімін де жеткізді. Ал Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары өзгелерден үйренсе, қазір көптеген мемлекеттер еліміздің тәжірибесіне ден қоюда деді.

Форум барысында ұйымдастырылған “Ассамблея – бейбітшілік пен келісімнің бесігі. Шекарасыз ән” этномәдениет фестиваліне өңіріміздегі бірқатар қоғамдық бірлестіктердің өнерпаздары қатысты. Шал ақын ауданынан келген “Ата мұра” қазақ ұлттық фольклорлық тобы “Қазақтай ел қайда” әнін асқақтата шырқады.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp