«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТА ЗАҢҒА АРНАЛДЫ

Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада “дөңгелек үстел” болып өтті. “Заңда бастысы – адам” атты тақырып аясында ұйымдастырылған шараға зиялы қауым өкілдері, заңгерлер, қоғам қайраткерлері қатысты.

“Дөңгелек үстелге” жиналғандар ұлттық рухымыздың адастырмас темірқазығына айналған айбынды Ата Заңымыздың маңыздылығын айтып, оның әрбір адам өміріндегі алар орны ерекше екеніне тоқталды. Кезегімен сөз алған әр сала өкілдері баға жетпес құнды құжаттың еліміздегі саяси, экономикалық, әлеуметтік жетістіктердің жаңа белесіне құқықтық негіз болатынын айтты. Сондай-ақ, жиынға қатысқандар өркениетті елдермен тереземізді тең еткен Конститутцияны құрметтеп, қадір тұтып, ол бойынша өмір сүру әрбір азаматтың парызы екенін тілге тиек етті.  

Мемлекетіміздің қарышты қадаммен алға басуына құқықтық негіз берген Ата Заңның 20 жылдығына арналған шара соңында осы тақырыпқа арналған көрме өтті.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp