
Еліміздің барлық аймақтарында республикалық “Мектепке жол” акциясы жүріп жатыр. Бұл игілікті шарадан айыртаулықтар да тыс қалмады.
Аудандық Ақан сері атындағы Мәдениет үйінде салтанатты түрде өткен шараға оқушылармен қатар олардың ата-аналары, ұстаздар жиналды. Айыртау ауданының әкімі, “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының төрағасы Ағзам Тастеміров жыл сайынғы өткізіліп келе жатқан акцияның мақсатына тоқтала келе, жас өрендерге жаңа оқу жылында табыс тіледі.
Шараға аудан орталығы және одан тысқары елді мекендерден келген балғындар әкімнің қолынан жаңа оқу жылына қажетті мектеп формаларын, спорттық киімдер мен аяқкиімдер, оқу құрал-жабдықтарын, тағы басқа да киім-кешектер алды.
Аталмыш игі істі жергілікті мәслихаттың хатшысы мен депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорын мен ұйымдардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, меценаттар да қолдап, тоқсанға тарта оқушыға мектепке қажетті заттарды салтанатты түрде тарту етті.
Бағлан ҚОЖАҚОВ.
Суретті түсірген автор.
Айыртау ауданы.