Бүгінде балғындардың жан-жақты жетілуіне жол ашатын басылымдардың саны жетерлік. Алайда, оларды сатып алуға кез келген ата-ананың мүмкіндігі келе бермейді. Осыны ескерген “Қазпочта” акционерлік қоғамы облыстық филиалының мамандары “Балаларға газет-журнал сыйлайық!” атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Шара барысында Петропавлдағы “Отбасылық үлгідегі балалар ауылы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, Мамлют ауданындағы санаторийлік орта мектеп интернатында тәрбиеленіп жүрген қамкөңіл балаларға газет-журналдар жазылымын сыйға тартты. Қуанышты жаңалықты естіп, мәз болысқан балдырғандар алдағы уақытта республикалық “Балдырған”, “Айгөлек”, “Бала би”, “Ертегілер әлемі”, “Балбұлақ”, “Қазақ тілін оқимыз” журналдарын алатын болады.
Береке ШӨПЕНОВА,
облыстық пошта байланысы
қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрайымы.