Әрбір адам өзі таңдаған мамандығын жетік меңгеруге ұмтылыс жасауы керек. Мен өзім студент кезімнен еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға араласып жүруге тырыстым. Әкемнің ақылымен бауырларыммен бірге жеке кәсібімізді ашып, заман талабына сай болуды мақсат етіп, сауда үйлерінде қолданылатын кішкентай таразылардан бастап, ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшеуге арналған құралдарды жөндеп, құрумен айналысып жүрміз.
Қазіргі уақытта еңбек етемін деген адам үшін мемлекетіміз барлық жағдайды жасап, бізді өз қамқорлығына алып отыр.
Осының барлығы Ата Заңымыздың аясында қабылданған заңдардың әр салада тиімді қолданылуының оң әсері. Ұлттық рухымыздың адастырмас темір қазығына айналған Конституциямызда адамның құқығы мен бостандығы өмірге келген сәттен бастап қорғалған. Түсіне білген адам үшін мұның өзі үлкен бақыт.
Махаббат ИСИМБАЕВА,
кәсіпкер.