«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТСӨНДІРУШІЛЕРГЕ – ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІКТЕР

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай өңіріміздің төтенше жағдай қызметіндегілерді облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан оның бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтады. “Осыдан 20 жыл бұрын еліміздің болашақтағы жолы айқындалып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандырудың тетіктері ойластырылды. Соның арқасында бүгінгідей даму деңгейі қарқынды мемлекетке айналдық”, – деді Айдарбек Сейпілұлы. Бұдан соң құтқару қызметінің мамандарына жеңіл автокөліктердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің техникалық паркі “ГАЗель” микроавтобусы, “Лада-Гранта” және “УАЗ” автокөліктерімен толықты. Бұл мақсатқа қаражат облыс бюджетінен бөлінген. Бүгінгі күні өңірімізде түрлі апатты жағдайлардың алдын алып, құтқару қызметін көрсететін 28 өрт сөндіру бекеті бар. Онда 705 өртсөндіруші қызмет атқарады, ал иелігіндегі көліктер саны – 138. Департамент басшысы Павел Филиппов жеке құрамның атынан жергілікті биліктің қолдауын сезініп отырғандарын айтып, өңір басшылығына ризашылығын білдірді.  

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp