«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАНИКУЛДЫҢ СОҢҒЫ КҮНДЕРІНДЕГІ САЯХАТ

Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатында тәрбиеленушілердің жазғы демалысын әсерлі де пайдалы өткізу үшін көптеген игілікті істер атқарылуда. Балалар отбасылары жазғы лагерьлерде болып, табиғат аясына саяхатқа жиі шығып тұруды дәстүрге айналдырған. Осының жарқын дәлелі ретінде мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің Ботай қонысына жасаған саяхатын айтуға болады. Айыртау аудандық сотының төрағасы Нұрлан Нұралиннің демеушілік етуімен Айыртау мектеп-интернатының 3 отбасының тәрбиеленушілері Ботай қонысына барды.

Балаларды жылы қарсы алған зерттеуші, ғалым-археолог В.Ф. Зайберт Ботай қонысының ашылуы мен одан табылған жәдігерлер жайлы қызғылықты мағлұмат берді. Сонымен қатар, балалар қазба жұмыстарымен айналысып, мәре-сәре болды. Балаларды қоныстан алғаш табылған жылқы сүйектерінің осы күнге дейін сақталғаны таңғалдырды. В.Ф.Зайберт келесі жылы Юра Бердюгин мен Миша Мальченконы қазба жұмыстарына қатысуға шақырды.  

Сондай-ақ, балалар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай фильм түсіруге келген “Қазақфильм” киностудиясының режиссерімен және түсірушілерімен танысып, кино өнерінің құпияларына қанықты.

Айыртау аудандық соты мамандарының қолдау көрсетуімен ұйымдастырылған аталмыш сапар оқушыларға қатты ұнады. Алдағы уақытта да осындай әсерлі де мәнді саяхаттар өз жалғасын табатын болады.

Каникулдың соңғы күндерінде естен кетпес демалыс ұйымдастырған аудандық сот қызметкерлеріне балалардың айтар алғысы шексіз.

Аққу РЫСТИНА,

жетім және ата-ана қамқорлығынсыз

қалған балаларға арналған

Айыртау мектеп-интернатының тәрбиешісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp