«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ӨҢІР БЕРЕКЕСІ” ОЙДАҒЫДАЙ БОЛДЫ

Конституция күнi қарсаңында Петропавлда өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесiнде өңір аудандары мен қаланың тауарөндiрушiлерi өз өнiмдерiн ұсынды. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов сөрелерге қойылған тауарлардың бағасымен танысып, сатушылармен тiлдестi.

Бұл күні сауда жасауға келгендер көп болды. Сондықтан да керегін іздегендер сауда шатырларына кезекке тұрып жатты. Сол сәтте Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің маманы Ермек Құжабаевпен тілдестім. Бұл ауданнан жәрмеңкеге 290 килограмм қара малдың еті, 150 килограмм шошқа еті, 60 килограмм қой еті, 110 килограмм құс еті, сондай-ақ, сүт, картоп, сәбіз, қызылша, бал, балық, тағы басқа да азық-түліктік өтімді тауарлар молынан жеткізіліпті.

Мағжан Жұмабаев ауданының шатырларында сүт, ірімшік, қаймақ, үйдің майы, жұмыртқа сатылды. Қала іргесіндегі Аралағаш, Березовка ауылдарынан әкелінген қымыз да тұтынушыларын тауып жатты.

Балық та мол болды. Оны саудаға шығарғандар – Қызылжар, Мамлют, Есіл аудандарының кәсіпкерлері. Картоптың килограмы – 42-45 теңгеден сатылды.

Түрлі жеміс ағаштарының көшеттері көп болғаны да көрініп тұрды. Жүзім, алма, алмұрт, құлпынай, таңқурай сияқты ағаштарға сұраныс мол болды.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp