«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ ЖҮЙЕСІ ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ германиялық серіктес “Баушпаркассе Швебишь Халль” құрылыс жинақ кассасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы екі ірі банктің арасындағы бұл келісім екі жаққа да тиімді тәжірибе алмасуға және еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің дамуына игі ықпал етпек.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін “Баушпаркассе Швебишь Халльдің” тәжірибесі аса маңызды. 80 жылдық тәжірибесі бар бұл құрылыс жинақ кассасы Германия үшін ең маңызды әлеуметтік мәселе – азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге жәрдемдесіп келеді. Қазір “Баушпаркассе Швебишь Халльдің” Германиядағы кредит беру нарығындағы үлесі 30%-ға жеткен. Құрылыс жинақ кассасының 7,4 миллион салымшысы бар. Жыл сайын 13 миллиард еуроға тұрғын үй сатып алуды қаржыландырады. Бүгінде Германияда ескі үйлерді жаңғырту өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан жаңа пәтер сатып алудан гөрі, осы мақсатқа көп қарыз алынатын көрінеді.  

Қазақстан осы жүйені жүзеге асыруда Еуропаның тәжірибесін алған посткеңестік кеңістіктегі алғашқы мемлекет болды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жұмыс жасаған 12 жыл ішінде салымшылар саны 760 мыңнан асып жығылды. Осы мерзімде банк 92 мың салымшыға тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті. Сауалнама қорытындысы бойынша былтыр ҚТҚЖБ-ға деген сенім дәрежесі 80%-ды көрсетіп берді. 2015 жылдың 1 шілдесіндегі дерек бойынша екінші деңгейлі банктер арасында ұзақмерзімді салымдар бойынша бірінші орында тұр. Клиенттерінің депозиттік базасы – 272,7 миллиард теңге.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ

банкі» АҚ Солтүстік Қазақстан

облыстық филиалы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp