«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮГЕДЕКТЕР МЕН ӘЛЖУАЗ АДАМДАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2012-2018 жылдары Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту бойынша шаралар жоспарының екінші кезеңін (2014-2015 жылдары) жүзеге асырудың аясында қазан айында “2015 жылы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан озық әлеуметтік жобалар” атты республикалық конкурс өткізуді жоспарлады.

Конкурс мүгедектер, тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтары, жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, ардагерлер мен қартаң адамдар сияқты мүмкіншіліктері шектеулі адамдарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

Өңірлік деңгейдегі конкурс мамыр айында басталып, оған Петропавл қаласы мен облыс аудандарының 9 үкіметтік емес ұйымдары қатысты.

Конкурсқа ұсынылған өтінімдерде мүмкіншіліктері шектеулі адамдарды қолдауға және көмек көрсетуге және олардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған алуан түрлі шаралар қарастырылған.

Үстіміздегі жылдың 26 тамызында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында “2015 жылы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан озық әлеуметтік жобалар” конкурсының іріктеу туры өтті.

Облыстық конкурсты өткізуді ұйымдастыру комиссиясының құрамына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының, облыстық кәсіпкерлер палатасының, ішкі саясат басқармасының, Петропавл қалалық мәслихатының, білім басқармасының өкілдері кірді.

Облыстық конкурсқа қатысу үшін 9 өтінім келіп түсті. Олар:

1. “АРДОС-Жүрек” мүгедектер қоғамы” заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Ақжан Кәрім. Мамлют ауданы. “Ашық әлем” жобасы.

2. “Ыбыраев Қайролла” шаруа қожалығы. Уәлиханов ауданы. “Маңыздылығына қарамастан, ізгі істер тындыр” жобасы.

3. Тиденберг Валентина Федоровна. Айыртау ауданы. “Балаларға шаттық сыйла” жобасы.

4. Қалымбетова Күлшағира Нұрмағамбетқызы. Аққайың ауданы. “Арнайы жаттығу құрылғыларында емдік шынықтыру кешені арқылы фитнес-қалпына келтіру” жобасы.

5. Растенов Руслан Есентайұлы. Қызылжар ауданы. “Жарқын әлем” жобасы.

6. Солтүстік Қазақстан облыстық “Қамқор” мүгедектер қоғамы. “Мүгедектердің қарым-қатынас клубы” жобасы. Петропавл қаласы.

7. Солтүстік Қазақстан облыстық “Қамқор” мүгедектер қоғамы. “СҚО тұрғындарының әлеуметтік әлжуаз топтарын кәсіби бейімдеу” жобасы. Петропавл қаласы.

8. “Солтүстік Қазақстан облыстық ата-аналар мен бала күнінен мүгедек балалардың” қоғамдық ұйымы. Петропавл қаласы. “Мен – қайырымдылық” жыл сайынғы нон-стоп қайырымдылық марафоны” жобасы.

9. Коцарь Марина Борисовна. “Қайырымдылық векторы” қоғамдық бірлестігі. Петропавл қаласы. “Мүгедектер тұрмысы” жобасы.

Әрбір жобаның төлқұжаты мен логотипі бар. Жобаның төлқұжатында оның мақсаттары, міндеттері, көзделген нәтижелері, қаржыландыру көзі және жүзеге асыру мерзімі көрсетілген.

Жобалар мына талаптар бойынша бағаланды:

1) жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

2) жобаның өзектілігі;

3) қиын өмірлік жағдайға ұшыраған тұрғындарды қамтуы, әлеуметтік қолдауды көрсетудің әралуандығы, жобаны жүзеге асырудың оң нәтижесі;

4) ұсынылған материалдардағы құжаттардың безендірілуінің сапасы;

5) жобаға қатысушылардың жасына шек қойылмауы;

6) әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда өз қаржысының үлесі.

Конкурсқа ұсынылған жобалардың барлығы да тартымды және назар аударуға тұрарлық.

Тоғыз үміткердің ішінен “АРДОС-Жүрек” заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Ақжан Кәрім жеңіске жетті.

Сол күні балалардың психологиялық-неврологиялық диспансерінде облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенованың қатысуымен конкурс жеңімпазы мен оған қатысушылар марапатталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтар алды.

Конкурстың ақтық кезеңінде конкурсқа келіп түскен таңдаулы бейнероликтер көрсетілді.

Салтанат соңында конкурсқа қатысушылар мен комиссия мүшелері, меймандар Петропавл қаласы медициналық-әлеуметтік мекемелері ұжымдарының концертін тамашалады.

Өңірлік конкурстың жеңімпазы Астана қаласында өтетін “2015 жылы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан озық әлеуметтік жобалар” республикалық конкурсына қатысады.

Надежда ЗАВЬЯЛОВА,

облыстық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік

 бағдарламалар басқармасы мүгедектерді қалпына келтіру бөлімінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp