Өз ұрпағы алдында жан-тәні мен ар-абыройын таза сақтау, жаман қылық көрсетпеу.
Ана тілін толық үйрету. Ұрпақтарына ана тілін үйрете алмаған ата-ана олардың алдындағы парыз-қарызын толық өтемеген мәңгілік қарыздар адамға айналады.
Баласының төрт мүшесін сау, ес-ақылын дұрыс етіп есейту (балаға дұрыс қарау).
Өзгелердің қорлауынан қорғау. Қам-қайғысыз өмір сүруіне мүмкіндік жасап беру.
Ұрпақтарының жүрегіне адам баласының теңдігі мен береке-бірлігін, достығын ұялату.
Отбасына адал, әділ болу, уәде-серттен таймау.
Отанын қорғау, отбасы мен ел тыныштығын сақтау.
Өнер-білім, үлгі-тағылым үйрету.
Ата-ананы құрметтеуді, үлкендерді сыйлап, кішіні аялауды үйрету.
Айып Нүсіпоқаұлының
“Тал бесіктен жер бесікке дейін” кітабынан алынды.