Жерлес спортшылар Өскеменде спорттық бағдарлаудан өткен ел біріншілігінен олжалы оралды.
Атап айтқанда, алыс қашықтықта Наталья Чуприкова топ жарса, ерлер арасында Аслан Тоқбаев қола медальға ие болды. Әсем Назырова орташа қашықтықта және спринтте екінші болса, аралас эстафетада Артем Степашкин мен Наталья Чуприкованың жұбы күміс медаль иегерлері атанды.
Жалпыкомандалық есепте солтүстікқазақстандықтар екінші орында.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.