«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ДАМУ” – ДЕМЕУ

“Даму” қоры жыл басынан бері 20 бизнес өкіліне мемлекеттік демеуқаржы мен банкке қойылатын кепілдікті қамтамасыз етті.

Мемлекеттік қолдау көрген бизнес-жобалардың ішінде ауыл шаруашылығы, жүк және жолаушылар тасымалы, стоматологиялық қызмет көрсету, азық-түлік тауарларын өндіру, жиһаз жасау және басқа кәсіпкерлік түрлері бар. Мәселен, Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Вигерич Ольга” жеке кәсіпкерлігі жиһаз жасаумен айналысады. “Дельта банк” арқылы несие алған кәсіпкер қойма және дүкен ретінде пайдаланылатын ғимарат сатып алды. Ол осы несие қаржысына қол жеткізу үшін “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының кепілдік беру тетігін пайдаланды және алған қарызының жылдық сыйақы мөлшерлемесін 4 пайызға төмендетті. Аталмыш ауданның тағы бір кәсіпкері – Вадим Кухаренко нан-тоқаш өнімдерін өндіріп, сатады. Ол банктен алған несие қаржысына өнімдерін таситын екі техника сатып алды. “Даму” қоры оның да мемлекеттік бағдарлама бойынша банкке қойылатын кепілдігін толықтырып, несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесін азайтты.

“Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері солтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің 411 жобасына демеуқаржы беріліп, 98 кепілдік қолдау көрсетілді. Ұлттық қордан демеуқаржыға 30,02 миллиард теңге бөлініп, 1,5 миллиард теңге сомасына кепілдік жасалды.

Гүлмира ЖАҚЫПОВА,

“Даму” қорының менеджері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp