«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЗГЕ КӨПВЕКТОРЛЫ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕРЕК

Теңгенің беделін көтеріп, Тәуел-сіздікті сақтап қалу үшін әр мемле-кет өз экономикасын өзі басқаруы керек екені – аксиома. Бізге шикі-затқа, оның ішінде көмірсутекке сүйенген экономика емес, көпвек-торлы инновациялық экономикаға көшу керек. Орта және шағын биз-нестің онша дамымауы, мұғалім, дәрігер, инженерлердің табысының елдегі орташа табыстың 60 пайы-зынан аспауы, ғылымға бөлінетін қаржының ЖІӨ 0,2 пайызын (да-мыған елдерде 3-4 пайыз) құрауы… осының салдары.

БҰҰ дерегі бойынша Қазақстан сырттан сатып алатын дәрілердің құны Грузия сатып алатын тап сон-дай дәрілерден үш есе қымбат. Тіпті, салуға жоспарланған екі АЭС-тің құндары халықаралық норма-дан 2-2,5 есе қымбат. Бізде адам капиталына негізделген иннова-циялық экономика жоқ.

Жемқорлық жайлаған экономи-кадан – нарықтық экономикаға, шикізаттан инновацияға жеткенде теңге де, қоғам да түзеледі.

Жанұзақ ӘКІМ,

халықаралық адам капиталы институтының президенті.

(“Қазақстан ЗАМАН” газеті,

2015 жылғы 27 тамыз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp