«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЕСІЛ СК” КОМАНДАСЫНЫҢ БЕС ЖЕҢІСІ

Солтүстікқазақстандық “Есіл СК” құрама командасы волейболдан ерлер арасында өткен ел кубогының кезеңдік ойындарын жеңіспен аяқтады, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық спорт мектеп-интернатында аса тартысты өткен кездесулердің қорытындысы бойынша кезеңдік ойындарда жеңіске жеткен петропавлдық “Есіл СК” мен қостанайлық “Динамо-Қостанай” командалары финалдық кезеңде ұлттық лигадағы алты командамен сайысқа түсетін болып шешілді.

Кезеңдік ойындардың соңғы кездесуінде үш партияның қорытындысы бойынша жерлес волейболшылар “Динамо-Қостанай” командасынан 3:0 есебімен басым түсіп, жалпы есепте 15 ұпайға ие болды.  

Бұған дейін жерлестеріміз өз тобында “Ұшқын-Искра” (Алматы қ.), “Павлодар-2” (Павлодар қ.), “Динамо – Есіл СК” (Петропавл қ.) және “Алтай-2” (Өскемен қ.) құрамаларын 3:0 есебімен жеңген еді.

Ел кубогының ақтық кезеңі қыркүйектің 20-27 күндері аралығында Павлодар қаласында өтеді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp