«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШ ТІЛГЕ КІМ ЖЕТІК?

Петропавл қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай “Тіл – тұнық ойдың кәусары” атты байқау өткізді. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге этностардың құндылықтарын құрметтеу мақсатында өткен сайысқа үш тілді жетік меңгерген 16 мен 22 жас аралығындағы жастар қатысты. Ал олардың тілдерді меңгеру деңгейін, жазу сауаттылығын, білімдерін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің шет тілдері кафедрасының оқытушылары бағалады. Қазылар алқасы үміткерлерге берілген тақырыптың мазмұнын ашу, эссе жазу және ілеспе аударма жасау тапсырмалары бойынша баға берді.

Білім сынағында Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің оқушысы Әйгерім Ғаббас 1-орынға ие болды. Ал жүлделі екінші, үшінші орындарды 1-гимназияның шәкірті Анна Александренко мен Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушысы Сабина Марат иеленді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp