«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІРГЕЛІ КӘСІПОРЫН ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

“Петропавл арақ зауыты БН” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тамыз айының аяғында өз жұмысын бастады. Жаңғыртудан өткен зауыттың басшылығы енді жылына 1 миллион гекалитр өнім шығарып, бюджетке 2 млрд. теңгеге дейін акциздік салық аударуды жоспарлап отыр.

Аталмыш кәсіпорынға барған облыс әкімі Ерік Сұлтановқа “Петропавл арақ зауыты БН” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Тахир Гусейнов ағымдағы жұмыс барысын баяндап, таяудағы даму жоспарымен таныстырды.

– Бүгінгі таңда зауыт толық қуатында жұмыс істеуде. Кәсіпорын бір жыл бойы жұмыс істеген жоқ. Бірақ, біз оны бюджетті құрайтын жағдайға жеткізуге тырысамыз. Біз ұжымды сақтап, зауытты сапасы жоғары өнім шығаруға мүмкіндік беретін қондырғылармен жабдықтадық. Толық емес жұмыс айы үшін 100 млн. теңгеден астам акциздік салық төленді. Бұл көрсеткіш жыл аяғына дейін бірнеше есеге көбеймек, – дейді Тахир Гусейнов.

Осы орайда өңір басшысы инвесторлардың арқасында ірі кәсіпорынды іске қосып қана қоймай, жұмыс орындарын сақтау мүмкін болғандығын атап өтіп: “300 жұмыс орны, зауыт қызметкерлерінің еңбекақысы сақталды. Кәсіпорын жылына 2 млрд. теңге акциздік салық төлеп келді. Бұл бюджеттің кіріс бөлігін толтырып, әлеуметтік саланы дамыту үшін өте маңызды”, – деді.

Петропавл арақ-шарап зауыты негізінде құрылған аталмыш кәсіпорында қазіргі таңда 150 адам еңбек етуде. Өңіріміздегі ірі көлемде салық төлейтін кәсіпорындардың бірі саналатын “Петропавл арақ зауыты БН” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл аяғына дейін жұмысшылар санын 350-ге дейін көбейтпек.

  Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp