
Петропавлдағы Достық үйінде Қазақстан халқы тілдерінің ХVІІ фестивалі аясында қазақ тілін еркін меңгерген жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында орыстілді жастар арасында қазақ тілі білгірлерінің “Тіл – парасат” байқауы өтті.
Сайыста 14 пен 22 жас аралығындағы он екі үміткер бақ сынады.
Байқаудың қорытындысында жүлделі үшінші орынды петропавлдық Мария Невметова иеленсе, Тайынша ауданынан келген Данил Свинцицкий екінші орынды қанағат тұтты. Шал ақын ауданының намысын арқалап келген Кристина Ветрова бірінші орынды жеңіп алды. Бұл күні “Сөз шебері”, “Шабыт жұлдызы”, “Үздік эссе жазушы” аталымдары бойынша озық танылғандарға да құрмет көрсетілді.
Нұргүл ОҚАШЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.