«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бірлескен жұмыс тиімді

Мұғалім тиімді тәсілді дұрыс қолданған жағдайда сыныпқа, мектепке өзгеріс енгізе алады. Оқушы белсенділігін арттыруда интербелсенді әдіс баланың өз бетімен жауапты табу дағдысын қалыптастыруды мақсат етеді.

Оқушылар бірлесе талқылау кезінде оқиды және есте сақтайды. Оған топтық жұмыс барысында көз жеткіздім. Бастауыш сыныпта осы тәсілді пайдалана отырып, оқушылардың диалог арқылы жұпта, топта жұмыс істегенде белсенділіктері артатынын байқадым. Сонымен қатар, олардың жауапкершілік сезімдері, достық қарым-қатынастары, өз-өздерін реттеулері, бағалаулары, сыни тұрғыдан ойлаулары дамиды.

Интербелсенді оқытуға негізделген тәсілдер баланы терең ойлануға, әрекеттерін талдауға, дәлелдеуге, басқа балама пікірді ескеріп, шешім қабылдауға жаттықтырады. Осының барлығына белсенді қатысқан оқушы сабақты есінде жақсы сақтайды.

Өз тәжірибемде сабақтың тиімділігін арттырудың бір жолы ретінде оқушыларға танымдық тапсырмаларды көп беремін. Ойын тәсілдері мен сабақты ұштастыру жақсы нәтижеге жеткізеді. Бұл кезде баланың дербес ойлау мүмкіндігі мен зейіні артады. Оқушы жан-жақты дамыған, білімді, өзінің және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын болады. Ол үшін талмай іздену қажет.

Әсел ДОСАНОВА,

Тауағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Есіл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp