«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жеңгетай құрықталды

Облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен Петропавл қаласындағы сауналардың бірінің әкімшісін қамауға алды. Бүгінгі күні оның үстінен Қылмыстық кодекстің “Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық” бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері жеңгетайлықпен айналысудың бірнеше оқиғасы тіркелген. Көп жағдайда кінәлілер демалыс орындарына келушілерге жеңіл жүрісті қыздар ұсынып, өзінің делдалдық қызметіне ақшалай сыйақы алып отырған. Кінәлі тұлғаның қылмысы дәлелденсе, онда ол жезөкшелiкпен айналысуға бөлме ұсынғаны және жеңгетайлық әрекеті үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Сонымен қатар, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Былтыр құқық қорғау органдарының қызметкерлері жеңгетайлықтың жеті фактісін әшкереледі.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp