«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТАНДАРТТАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауларында белгіленген тапсырмаларды орындау бойынша нақты жұмыс атқаруда.

Біздің департамент мемлекеттік метрологиялық бақылау, техникалық реттеу, аккредиттеу туралы заңнамалардың сақталуын, мемлекеттік рәміздерге қатысты талаптардың орындалуын бақылайды, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру құқын жүзеге асырады.

Былтыр техникалық реттеу саласында, оның ішінде техникалық регламенттер, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамалардың талаптары мен оны жүзеге асыру бойынша департамент 31 рет тексеріс жүргізіп, әрбір екіншісінде заң бұрмалаушылықты анықтады. Еліміздің қолданыстағы заңнамаларына өзгерістер енгізілуіне байланысты тексеріс жүргізу екі есеге азайды. Тексерістер қысқартылса да, 2,7 миллион теңгеге 19 әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесі әзірленді. Өз міндеттеріне адал субъектілерді көтермелеу қағидасын жүзеге асыру және заң бұрмалаушыларды қадағалау мен бағалауды топтауда тәуекелдің дәрежесін бағалау белгілері анықталып, объективті және субъективті себептер бойынша таңдамалы тексеріс жүргізілді. Тексерілген 247 нысанның 42-сі өлшеу құралдарының мемлекеттік тізілімінде жоқ болса, 35-інікі жарамсыз және қолданысқа келмейді. Бұл көрсеткіш 324 өлшеу құралдарының қолдануға тыйым салынғандығын айғақтайды. Соңғы он жыл ішінде өлшем құралдарын пайдалануға тыйым салу 2 есеге өсті.

Департамент өңір халқын қауіпсіз өнімдермен қамтамасыз ету үшін тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмысын жан-жақты жүргізуге ерекше көңіл бөледі. Тұрғындарды ақпараттандыруда тауар өндіруші кәсіпкерлік субъектілері мен тұтынушыларды өлшем бірлігімен қамтамасыз ету заңнамалары талаптарына, мемлекеттік рәміздер мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерге ерекше назар аударылады.

Мамандар жергілікті атқарушы органдармен, “ҚазСтИн” РМК Солтүстік Қазақстан филиалымен Кеден одағының техникалық регламентінің аясында тиісті нормативтік құжаттардың, сынақ базасы бойынша Индустрияландыру картасына кірген өңірдегі кәсіпорындарға мониторинг жүргізді.

Департамент “ҚазСтИн” РМК Солтүстік Қазақстан филиалымен бірлесе отырып 2015-2017 жылдары өңірдегі кәсіпорындарды стандарттау жоспарына енгізу үшін ұсыным-тілек жинау мақсатында жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 27 ұсыным қабылданды. Қазақстан Республикасының стандарттау жобасы мен Кеден одағының техникалық регламенттері таныстырылып, ол бойынша 28 ескертпе-ұсыныс енгізілді. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанында екі жыл бойы облыс әкімі орынбасарының төрағалық етуімен техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штаб жұмыс істеуде. Есепті кезеңде алты штаб отырысы өтіп, Кеден одағының техникалық регламентінің күшіне енген “Табиғи минералды суларды қоса есептегенде ыдысқа құйылған ауызсу қауіпсіздігі туралы”, “Балаларға арналаған ойын алаңдары үшін қауіпсіздік құралдары туралы”, “Аттракциондар қауіпсіздігі туралы”, “Лифтілер қауіпсіздігі” және тағы басқа талаптарды орындау қаралды. Бұл мәселелер бойынша облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Петропавл қаласы әкімдігінің бөлімдері мен кәсіпорындары тарапынан ұсыныс айтылды.

Мемлекеттік бақылау заң бұрмалаушылықтарды анықтап, жауапкершілікке тарту емес, еліміздегі заңнамалық нормалар туралы ақпараттандыру үшін де қажет екенін кәсіпкерлер сезінуде. Өткен жылы департаментке жеке және заңды тұлғалардан 262 өтінім түсті. Департамент мамандары бір жұмыс күннің ішінде барлық өтініштер мен сұраныстарды жолдаған өтінім берушілерге жауап берді.

Өткен жылы департамент мамандары мемлекеттік мекемелер және бизнес өкілдерімен бірлесіп кәсіпорындарда, облыс ұйымдарында сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Бес институттық реформасын жүзеге асыру үшін облыстағы мемлекеттік ұйымдарға “Қызмет көрсетудің халықаралық сертификаты – ISO 9000 сериялы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес құрылған сапа менеджменті жүйесі” бойынша жұмыс жүргізу талаптары қойылды.

Департамент “ҚазСтИн” РМК Солтүстік Қазақстан филиалымен бірлесіп облыста өнім өндірушілер арасында Қазақстан өнімдерінің бірыңғай тізіміне өнімдерді енгізу бойынша кеңес беру мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өнімдер тізімдемесінің жүйесі оларды сатып алу мәселелерін реттеуге ықпал етеді. Өнім өндірушілерге осы немесе өзге тауарларды өндіруге қатысты шешім қабылдауға, шикізат пен материалдар туралы мағлұмат алуға, жиынтықты бұйымдар, құралдар, маркетингтік зерттеулер жүргізіп, нарық мүмкіндігін анықтауға, отандық өнімді жарнамалауға, жаңа өнімдердің стандарттау мәселелерін шешуге жағдай жасайды. Департамент өнімдердің тізімдемесі жүйесінде оларды тіркеуді жүзеге асырады. Түсіндіру және кеңес беру жұмыстарының қорытындысы бойынша былтыр облыстағы 98 кәсіпорын өнімдерін бірыңғай тізімдемеге енгізді.

“Стандарттау туралы” және “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігі мен стандарттауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңдар жобасы мемлекеттік реттеу механизмдерін мейлінше жетілдіруге, метрологиялық қамсыздандыру мәселелері жөнінде салаішілік және салааралық үйлестіруді жақсартуға, бизнеске әкімшілік ықпал етуді төмендетуге, кәсіпкерлікті дамыту мен калибрлеу арқылы өзін-өзі реттеу нарығында метрологиялық қызметті дамытуға, өлшем дәлдігін ұлғайту арқылы отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін, шетелдік серіктестердің өлшем және сынақ нәтижелеріне сенімін арттыруға бағытталған.

Стандарттау заңнамасы аясында стандарттаудың барлық субъектілерінің негізгі алаңшасы ретінде стандарттау туралы нормативтік-құқықтық құжаттарды өңдеуде бәтуаға қол жеткізу үшін стандарттау жөніндегі ұлттық орган мен қоғамдық қатынастар саласының негізі ретінде стандарттаудың ұлттық жүйесін енгізу көзделуде. Стандарттаудың ұлттық органын құру бір заңды тұлға негізінде стандарттауды үйлестіру бойынша барлық қызметті көшіруге жағдай жасайды. Бұл стандарттау жөніндегі жұмыстарға әкімшілік салмақ түсіруді төмендетуге, стандарттаудың ұлттық жүйесінің функционалды ұйымдастыру құрылымын оңтайландыруға және стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың сапасын арттыруға ықпал етеді.

Стандарттау бойынша барлық жұмыс процесін жүйеге келтіріп, тікелей әрекеттегі белгіленген заң нормаларының санын қысқартып, стандарттау жоспарының моделін жетілдіру көзделуде. Бұл орайда арнайы “Стандарттау туралы” Заңының жүзеге асырылуы уақтылы әрі өзекті болып саналады. Сондай-ақ, Индустрияландыру картасы, Мемлекет басшысының “Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары мен тағы басқа бағдарламаларды жүзеге асыру үшін стандарттар қажет.

2016 жылдың 1 наурызында “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясының құрылуы азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің көлемі мен сапасын арттыруға жағдай жасайды. Бұл орайда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының базалық стандарттар негізінде Қазақстан бірінші болып жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында Бес институттық реформаны жүзеге асыруда. Бұл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қосылуға ниет білдірген біздің еліміз үшін өте өзекті. Бүгінде біз әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуға ниеттіміз. Бес институттық реформаның барлығын тиімді жүзеге асыру XXI ғасырдағы біздің жетістігіміздің негізі болып саналады.

Василий ЧЕПУХИН,

техникалық реттеу және метрология комитеті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp