2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда төлем карточкаларын шығаруды 26 банк және «Қазпочта» АҚ-ы жүзеге асырды.
Қазіргі кезеңде республика банктері 16,5 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал осы карточкаларды 14,3 млн. адам ұстайды. 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда карта ұстаушылар санының төмендеуі 3,8 пайызды құрады, ал айналымдағы карточкалар санының төмендеуі сәйкесінше 2,2 пайыз болады.
2016 жылдың ақпан айында пластикалық карточкаларды пайдалану операциялары санының артуы жалғасты. Қолма-қол ақша алу, аудару, төлеу, сатып алу кезінде есеп айырысу және басқалар бойынша операциялар көлемдері 778,1 млрд. теңгені құрады (2015 жылдың ақпанымен салыстырғанда 26,0 пайызға артты). Сонымен бірге қолма-қол ақшасыз төлемдер санының өсуі 42,8 пайызды, ал қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 14,3 пайызды құрады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2016 жылдың 1 наурызы жағдайында 301,9 мың карточка ұстаушылар тіркелді (Қазақстан бойынша жалпы санының 2,1 пайызы), POS-терминалдар саны – 2256 дана (сәйкесінше 2,7 пайыз), банкоматтар – 282 дана (сәйкесінше 3,1 пайыз), пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда кәсіпорындарының саны – 1262 (сәйкесінше 2,5 пайыз).
Александр МЕДОВИКОВ,
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі” ММ филиалының ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші маман – инженер-бағдарламашысы.